Өрт қауіпті кезең Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында резонанстық орман өртінен басталды. Жергілікті тұрғындар зардап шегіп, орман қорына айтарлықтай зиян келді. Осыған байланысты табиғи өрттердің алдын алу күшейтілді - деді ТЖ министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.