ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту бойынша мемлекет басшысының алға қойған міндеттері аясында ағымдағы кезеңнің бірқатар түйінді және өзекті мәселелерін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Оның айтуынша, ветеринария жүйесін реформалау үшін оның қазіргі ахуалы мұқият талданды, проблемалық мәселелер мен олардың пайда болу себептері анықталды. Соның негізінде оларды шешу тәсілдемелері әзірленді.