Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін реформалау мақсатында ауқымды талдамалық жұмыстар жүргізілді, бақылаушы органдардың ескертулері зерделеніп, субсидиялаудың жаңа тетігінің бірінші нұсқасы әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның негізгі жаңалықтары субсидиялау және әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету, ауқымына қарамастан барлық субъектілерге субсидияның қолжетімділігін қамтамасыз ету, субсидияларды аралық технологиялық процестерге емес, еңбектің түпкілікті нәтижесіне қайта бағдарлау және субсидия алушылардың нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер қабылдауы болып табылады. Түрлі алаңдарда субсидиялаудың осы нұсқасы таныстырылды.