Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын әзірлеуде. Құжаттың бірінші нұсқасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» сайтында орналастырылды. Талқылау барысында 1300-ге жуық ескерту мен ұсыныс жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады.