Картоп экспортының шектелуіне байланысты мұндай шешімді негізсіз деп санайтын фермерлерден шағымдар келіп түсуде. Өндірушілердің 4 млрд теңгеден астам сомаға жасалған келісімшарттары тоқтап қалды. Бұл проблеманы қалай шешесіздер? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысынан осы жайлы сұрады.