Президенттік жастар кадр резервіне Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілген кезекті іріктеудің қорытындысы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында таныстырылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың айтуынша, бұл резерв жас мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға оң серпін береді, оның мақсаты даярланған және ынталандырылған жастар үшін әлеуметтік лифт құру болып табылады.