Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік резервке 50 кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданды. Жүргізілген талдауға сәйкес, резервшілердің 62% (31 адам) шетелдік озық білімі, 38% – қазақстандық (19 адам) білімі бар. 39 адам магистр дәрежесіне ие. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мәлімдеді.