Энергетика министрі Мағзум Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ағымдағы жылы отын-энергетика саласында атқарылған жұмыстар туралы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы жөнінде айтып берді. Ведомство басшысы ең алдымен мұнай саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны, мұнай экспорты – 67,6 млн тоннаны құрады. Мұнайды қайта өңдеу көлемі – 17,1 млн тоннаға және мұнай өнімдерін өндіру көлемі – 13,1 млн тоннаға тең болды.