2021 жыл бойынша газ өндіру көлемі 54 млрд метр текше деңгейінде болады деп күтілуде, тауарлық газ өндірісі 29,4 млрд текше метрді, газ экспортының көлемі – 7,7 млрд текше метрді, ал сұйытылған газ өндірісі – 3,1 млн тоннаны құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Мағзум Мырзағалиев газ саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.