Энергетика министрлігі жергілікті қамтуды дамытуға көп көңіл бөледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың және уран өндірудің жалпы көлемі шамамен 6,8 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте жергілікті қамту – шамамен 46,5% құрайды. Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту бойынша бірқатар шаралар мен бастамалар қолға алынды. Ағымдағы жылы министрліктің бастамасымен Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг Компани консорциумдары мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құрды. Ведомство басшысы Мағзум Мырзағалиевтің айтуынша, орталық жұмысының негізгі мақсаты – жаңа өндірістерді ашу арқылы осы үш кәсіпорын үшін тауарлар өндірісін оқшаулау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту.
Жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу көлемінің жартысына жуығы – жергілікті қамту
Тегтер:
энергетика