Заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеу көзделген. Әзірлеуші - еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оны 2022 жылдың қазан айында Үкіметке және желтоқсанда Парламентке енгізуі тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР ӘМ заңнама департаментінің директоры Алма Мұқанова айтып берді.