Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл «Қаз Газ өңдеу зауыты» ЖШС – 14,5 мың тонна, «Атырау МӨЗ» ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Бұл ретте шамамен автокөліктердің 90%-ы газды отын ретінде пайдаланады. 2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы: ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге; АМӨЗ – тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі отын жағдайы туралы айтып берді.