Газ бағасын 85-90 теңгеге түсіру туралы бастаманы жанар-жағармай құю станциялары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырмақ. Халық бағаны 50-60 теңге шамасында қайтаруды талап етуде. Бірақ баға қалыптасты. Осы бағаны ұстап тұру кімнің есебінен және қашанға дейін жүзеге асады? Бұл бір реттік акция болып қалмай ма? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігінің басшысына журналистер осындай сұрақ қойды. Министр Мағзұм Мырзағалиев әр өндірістің өзіндік құны бар екенін атап өтті.
ЖҚС басшыларының бастамасымен газ бағасы 100-120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендейді – Энергетика министрі
Тегтер:
энергетика