Соңғы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінде эпидемиялық ахуал күрт нашарлады. Бұған бірден бір себеп – елімізде «Омикрон» штаммының таралуы. Бұл желтоқсан айында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша дәлелденді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.