Эпидемиологиялық жағдай Денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктемені арттырды. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия қосымша шектеу шараларын қабылдады. Бұл шетелден келгендердің барлығында вакцинация мәртебесіне қарамастан, теріс ПТР тестінің міндетті түрде болуы. «Ashyq» бағдарламасы бойынша «жасыл» мәртебесі болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілген объектілер тізбесі кеңейтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.