Қалалардың тұрақты өсуі қала кеңістігін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, қала құрылысы регламенттерін қатаң сақтауды талап етеді. Өкінішке орай, қазір елімізде қалалар ретсіз, көбінесе жұртшылықтың пікірін және қаланың даму перспективаларын ескермей салынуда. Мысалы, Алматы тұрғындары құмырсқа илеуін көзге елестететін адамдар тым көп тұратын үйлерге, елорда халқы - қоғамдық кеңістік құрмай құрылыстың тығыз салынуына және әлеуметтік объектілерге мұқтаж екендіктеріне шағымданады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев күрделі үрдіс туралы айтты.