2050 жылға қарай әлем халқының 75%-ы қалаларда тұрады. Сондықтан аумақтарды дамытудың жаңа әдістері қажет. Сонымен қатар, ұзақ уақыттан бері қала билігін сынау себептерінің бірі қала құрылысы, қоғамдық көлік, абаттандыру саласындағы ойластырылмаған басқару шешімдері болып табылады. Олардың шешімдері күн тәртібінде болды және қалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукенов мәлімдеді.