Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Q88 урбанистер қауымдастығы кеңесінің мүшесі Ержігіт Балқыбеков Ақтау қаласын дамыту жөніндегі ұсыныстармен бөлісті. Ақтау - Қазақстанда теңіз жағалауында орналасқан жалғыз қала. Сондықтан ұсыныстардың көпшілігі осы теңіз жағалауын дамытуға, оны қаламен байланыстыруға қатысты. Алдымен жағалауды реконструкциядан өткізуді жалғастыру. Теңіз жағалауының ұзындығын 1,8 км көбейтіп, жаяу жүргіншілерге қолайлы етіп, бизнес нысандарын дамыту.