Климаттың өзгеруі, сондай-ақ су шаруашылығында жинақталған проблемалар республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеуші факторға айналуы мүмкін. Сондықтан Президенттің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жағдайға талдау жүргізілді және су саласындағы жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.