Қазақстанда түрлі гидротехникалық құрылыстар саны 7000-ға жуық. Оның ішінде стратегиялық та, шағын түрлері де бар. Олар республикалық және коммуналдық меншікте, шағын су қоймалары жеке меншікте. 30-ға жуық су қоймасы апатты жағдайда болды. 19-ға жуығы жөнделді, 11-нде жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.