ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік туралы айтып берді. Оның айтуынша, білім беру бағдарламаларының 10% қос дипломдық бағдарламаларды, ал 7% шетелдік серіктес университеттермен бірлескен бағдарламаларды ұсынады. Оның ішіне техникалық, педагогикалық, гуманитарлық бағыттар да кіреді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері кеңейді - БҒМ
Тегтер:
білім беру