Түлектердің орташа жалақысын объективті бағалау үшін биыл түлектердің «орташа жалақысын» есепке алу туралы шешім қабылданды. Ол қызметкерлердің басым бөлігі алатын қаражат мөлшерін көрсетеді. Рейтинг механизмін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев түсіндірді.