Отандық ЖОО-лардағы білім беру бағдарламалары мен өндіріс қаншалықты ұштасады? Осы бағдарламалармен оқыған студенттерге еңбек нарығында сұраныс жоғары деп айтуға бола ма? Осы орайда қазақстандық студенттер арасында шетелде білім алуға ниет білдіретіндер аз емес. Отандық университеттердің тартымдылығын арттыру бойынша қандай шаралар қабылдануда? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова кадрларды даярлау барысында білім мен өндірісті ұштастыру арқылы оқытуға баса назар аударылады.
Техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс 60% дейін артады – БҒМ комитет төрайымы
Тегтер:
білім беру