МӨЗ-дің тұрақты жұмысының арқасында қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің қажетті қалдықтары жиналды. Ағымдағы жылғы 2 ақпандағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қалдықтары 315,4 мың тоннаны құрайды (1 қазанмен салыстырғанда қалдықтар 113,8 мың тоннаға артты). АИ-92 маркалы бензин қоры 299,2 мың тоннаны құрайды (1 қазанмен салыстырғанда қалдықтар шамамен 70 мың тоннаға артты). Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақво мәлімдеді.