Шымкент МӨЗ-нің қазіргі қуаты жылына 6 млн тонна. МӨЗ аумағында жер учаскелерінің болуы, қалыптасқан инфрақұрылым, қазіргі өндірістік кешенмен синергия, өсіп келе жатқан тұтыну нарығында орналасу зауыттың өңдеу қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Дегенмен, бірқатар мәселелер ашық күйінде қалып отыр.