Электр энергиясының тапшылығына әкелген факторлардың бірі заңсыз майнерлер. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қанша заңсыз майнерлік ферма жұмыс істеп келді? Оларды анықтап, қызметін тоқтату үшін Энергетика министрлігі тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистер ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа осындай сұрақ қойды. Ведомство басшысы заңсыз қосылатын майнерлердің бүкіл жүйеге әсерін тигізетінін жеткізді.