«Қазавтожол» АҚ жол салғанда маңайындағы ауылдарға апаратын 20 км жолдар қалып кетеді. Осы жағын ескеру керек. Сонымен қатар, жемқорлықты қалай тыямыз? Ашықтықты қалай қамтамасыз етесіздер? Жолдың сапасына кім жауапты? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесуде қоғам қайраткері Мақсат Толықбай осындай сұрақтар қойды. Ведомство басшысы бұл жағдайдың халықтың наразылығын тудыратынымен келісті.