Жолдардың сапасын бақылайтын мекемелер тәуелсіз болуы керек. Өйткені қазіргі кезде жол сапасын тексеру үшін оларды жергілікті әкімшіліктер шақыртуы керек. Бұл шығынды қажет етеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында қоғам қайраткері Мақсат Толықбай осындай пікірін жеткізді.