Үй және қаңғыбас жануарларға қарауды реттеумен қатар, әртүрлі санаттағы жануарларға бағытталған НҚА жобаларының блогы әзірленді. Бұл жануарларды баспаналарда, зоологиялық қонақ үйлерде, уақытша ұстау пункттерінде, оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, байланыс зоопарктерінде және жылжымалы менагерьлерде ұстау ережелері. Жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында пайдалану және оларды күтіп-ұстау ережелері; жабайы жануарларды өздерінің мекендейтін ортасына қайтару мүмкін болмайтын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары; еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа да жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесі де бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.