Оңтүстік аймақ жаңа генерацияны енгізу бойынша жобалар шоғырланған орын болып табылады. 2026 жылға дейін оңтүстік өңірлерде жиынтық қуаты шамамен 3050 МВт болатын 7 генерациялайтын қондырғы салу жоспарлануда, олардың бір бөлігі түпкілікті тұтынушылар үшін тарифке жүктемені барынша азайтуға мүмкіндік беретін аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы іске асырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады.