Басқа мәліметтермен қатар, негізінен осы бейнежазбалар бойынша қылмыстық шабуылдарға қатысқан адамдар анықталуда. Мәселен, Атырауда қаланың орталық көшелерінің бірінде 5-ші қаңтарда облыстық әкімдік ғимаратын қорғауға тартылған полиция қызметкерлерін топ болып қатыгездікпен ұрып-соққан осы қаланың екі тұрғыны ұсталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов бұлтартпас фактілер көрсетілген кадрларға қатысты түсінік берді.