Соңғы бес жылда су тасқынынан еліміздің он өңіріндегі 165 елді мекен зардап шекті. Су тасқынының теріс әсерін төмендету мақсатында ТЖМ талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде 1010 елді мекеннің су басу қаупіне неғұрлым бейім екендігі анықталды. Онда 800 мыңнан астам адам тұрады. Бұдан әрі қандай шаралар қабылданатын болады-деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин.