2021 жылы аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде 8 іс-шара, ал 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 14 облыстық жұмыс жоспарлары шеңберінде су тасқыны қаупі бар елді мекендерді су тасқынынан қорғауды көздейтін 140 іс-шара іске асырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин хабарлады.