Су тасқынын мониторингтеу және болжау үшін ТЖМ Қазақстан Ғарыш Сапары геопорталын белсенді пайдаланады және жаңартады. Онда Қазақстанның 11 өзенінің арналық процестерінен өтетін өзекті ғарыш түсірілімдері мен қар жамылғысы, су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен гидротехникалық құрылыстар туралы деректер орналастырылады. ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амриннің айтуынша, жалпы ел бойынша өткен жылы алдын алу іс-шаралары кешенін іске асыру 1010 елді мекеннің 158-ін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. 340-да қауіп жоқ, 385-те азайтылды. Су басу қаупі бүгінгі күні 285 елді мекенде сақталып отыр.