БҚО, СҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштен орта есеппен 6-68 см-ге төмен. Бұл қардың баяу еруі кезінде су тасқыны кезеңінің өтуіне оң әсер етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин хабарлады. Қарағанды облысының Нұра және Шерубайнұра өзендерінің бассейндерінде, Ақмола облысының Есіл өзенінің бассейнінде, Қостанай облысының Тобыл өзенінің бассейнінде қар астында топырақ бетінде қалыңдығы 1-5 см мұз қабығы байқалады.