Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің көктемгі су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында 3-4 наурыз аралығында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған. Оқу-жаттығулар штабы БҚО Орал қаласында орналасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин хабарлады.