ІІМ қаңтар оқиғаларын тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2729 қылмыстық іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.