Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде Жаңа Қазақстанды құруға үндеген болатын. Бұл дегеніміз мемлекеттік аппараттың толық жаңаруы немесе ел экономикасының қайта түрленуі ғана емес, бұл бірінші кезекте қоғамдық трансформация. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сарапшылар кезедсуінде Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, «Жастар» ҒЗО директорының орынбасары Элина Паули осылай деді.