Қаралы қаңтар оқиғасының басты маңызы – бұл меже. Яғни, бұған дейін болған саяси, басқа да билік басқармасының қателіктері бізге сабақ болып қалады. Ендігіде осы сабақтарды ескере отырып, Жаңа Қазақстанды құруға кірісуіміз керек. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов осындай пікірін жеткізді.