Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2035 жылға дейін еліміздің энергетикалық балансы әзірленді. Сондай-ақ, құжатта «KEGOC» АҚ, өңірлік электр желілік компаниялар, ИИДМ, «Атамекен» ҰКП жоспарлары, кәсіпорындардың меншік иелері, басқарушы компаниялар, АЭА, әкімдіктердің деректері негізінде жаңа тұтынушыларды енгізу ескерілген. Осы болжамдарға сәйкес, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт сағатты құрайды, бұл туралы сараптамалық дөңгелек үстел барысында ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев мәлімдеді.