Кепілде тұрған жалғыз тұрғын үй сот банкроттығы барысында алып қоюға жатады, сот рәсімін қолдану үшін қарыз шегі 1600 АЕК деңгейінде белгіленген. Сондай-ақ бірқатар шектеулер бар: бұл несие алу үшін 5 жыл және шетелге шығу үшін 3 жыл. Сонымен қатар, банкроттықтың қайталануы белгіленді – 7 жыл. «Банкроттық туралы» заң жобасында қабылданған және көрініс тапқан негізгі мәселелерге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тоқталды.