«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заң жобасы қаржы ұйымдары алдындағы кез келген берешекті тоқтатуға ықпал етпеуі тиіс. Ал борышкер бұл жобаны өзінің барлық міндеттемелерін есептен шығару мүмкіндігі ретінде қарастырмауы керек. Жұмыс тобының мүшесі мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының заң мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Назар Рахимов банкроттық міндеттемелерді есептен шығару тәсілі емес, соңғы қадам болып табылатынын назарға алуды сұрады.