«StartUp Bolashaq» бизнес-жобалар байқауына 50 жастан асқан қазақстандықтардан 5 өтінім келіп түсті. Бұл экология және өңдеу өнеркәсібі саласындағы идеялар. Байқауды ұйымдастырушылар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқа да қызықты кейстер туралы айтып берді.