4 пайыздық жеңілдетілген кредит көліктің құнына емес, берілетін несиеге байланысты болады. Яғни, 10 млн теңгеге дейін кредит беріледі. Егер көліктің құны соның ішінде болатын болса, сіз оны емін-еркін ала аласыз. Ал егер алып жатқан көлік құны одан қымбат болатын болса, айырмасын өз қалтаңыздан төлейсіз. Несие отандық көліктердің барлық модельдеріне беріледі. Тек қымбат модельдерге берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алағында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев несие алу алгоритмін түсіндіріп өтті.