Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында маңызды проблеманы атап өтті. Ол – көптеген жас азаматымыздың әскери борышын өтеуден қашуы. Біздің маңызды міндетіміз – жастарды әскери қызмет өткеруге, ерекше миссия болып табылатын әскери борышын орындауға ынталандыру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.