Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер туралы ақпараттық ресурстың ең ірі тұтынушысы бола отырып, іс жүзінде бақылау құралдарынан ажыратылған. Ведомство тек топырақ және геоботаникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Одан әрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады. Осыған байланысты, топырақ, геоботаникалық ізденістер, жер мониторингі және топырақты бағалау, сондай-ақ жұмыс жүргізу үшін қажетті үй-жайларды, зертханаларды техникалық жарақтандыру жөніндегі функцияларды ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне қайтару жоспарлануда. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы - ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов Орталық комуникациялар қызметі алаңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыс туралы айтып берді.