2021 жылы ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған Естелік даталар күнтізбесінің тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді. Өңірлерде жыл бойы Роза Бағланованың мерейтойына арналған фестивальдер, концерттер, кештер, конференциялар және т.б. іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің жылжымалы баспасөз маслихаты барысында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады.