Ұсталғандарды азаптау фактілері бойынша тергеу жалғасуда. Прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне барлығы 301 шағым түсті. Еліміздің Бас прокурорының айтуынша, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 243 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 234 қылмыстық іс бар. Бұл олардың қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша тікелей тергеулігі, - деп атап өтті Берік Асылов.