Тұрғындар дүрбелеңге түсіп, дүкендерден қант сатып алып жатыр. Оларды тыныштандырып, қант тапшылығы болмайтынына кепілдік бере аласыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойылды. ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының м.а. Назгүл Хатепованың айтуынша, ішкі нарықта қант тапшылығы жоқ.