Теміртауда атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары – 8. Негізгі ластаушы - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ. Қала бойынша шығарындылардың 87%-ы оған тиесілі. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасовтың айтуынша, 2022 жылы компания үшін эмиссия лимиттері 115 мың тоннаға төмендеген.